Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жұмыс сапарымен барып, Алматы мен Түркістандағы әскери нысандардың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тексеру барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына, мерзімдердің сақталуына және нысандардың заманауи талаптарға сәйкестігіне ерекше көңіл бөлінді.
Бас қолбасшы Түрксіб ауданында жедел мақсаттағы батальонды орналастыру жобасының жүзеге асырылуын қарады. 2022 жылдан бері жүргізіліп жатқан бұл нысанда ғимараттарды жабдықтау және инфрақұрылымды іске қосуға дайындау жұмыстары аяқталуға жақын.
Кешен құрамына казарма, асхана, медициналық пункт, автопарк, инженерлік және тылдық қамтамасыз ету нысандары, сондай-ақ кинологиялық қызметке арналған инфрақұрылым кіреді.
Сонымен қатар 5 571 әскери бөлімінде медициналық блок пен бригада бөлімшелері орналасатын бес қабатты көпфункционалды ғимараттың құрылысы жалғасып жатыр. Нысанның сыйымдылығы 400-ден астам әскери қызметшіні қамтиды. Ал Түркістан қаласында 10 гектар аумақта әскери қалашықтың негізгі конструкциялары мен инженерлік инфрақұрылым салынып жатыр.
Сонымен бірге, ел аумағында Қызылорда, Жезқазған, Орал және Атырау қалаларында жаңа әскери қалашықтар мен казармалардың құрылысы жалғасып жатыр. Бұл құқықтық тәртіп әскерлері үшін заманауи жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстың дәлелі.
Аталған жобаларды іске асыру әскери инфрақұрылымды дамытуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және бөлімшелердің жедел дайындығын арттыруға бағытталған.
Сапар қорытындысы бойынша Бас қолбасшы құрылыс сапасы мен қарқынын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма беріп, салынатын нысандар заманауи стандарттарға сай болуы және әскери қызметшілердің қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
10 млрд теңгеден астам шығын: Қаржы пирамидасын басқарған күдікті елге экстрадицияланды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Ресейдегі жаппай төбелестен кейін Қазақстан азаматтары қамауға алынды
Қазақстан • Бүгін, 10:17
Батыс Қазақстан облысында полицияға бағынбаған бір топ азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:03
Атырауда такси жүргізушісі жолаушыға пышақ ала жүгірді
Оқиға • Бүгін, 09:58
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:47
Президент Бауыржан Артықовты қызметінен босатты
Әскер • Бүгін, 09:35
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:18
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екінші медаль жеңіп алды
Спорт • Кеше
Найзағай, тұман және су тасқыны: Ертең елімізде қауіпті ауа райы күтіледі
Ауа райы • Кеше
Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері 102 жасында өмірден өтті
Оқиға • Кеше
Астананың бірқатар көшесінде газ беру уақытша тоқтатылады
Елорда • Кеше
Еуропа кубогы: Қазақстан дзюдодан алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Кеше
Оралдағы Жайық өзенінде су деңгейі бір метрге дейін көтерілді
Су тасқыны • Кеше
Түркістанда айыппұлға ашуланған ер адамдар бейнекамераларды сындырған
Оқиға • Кеше
Жібек Құламбаева Үндістандағы ITF турнирінің жеңімпазы атанды
Теннис • Кеше