Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Алматыда сыртқы электр желісіндегі ақауға байланысты метрополитен пойыздарының қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео
Редакцияға оқырмандардан Алматы метросында электр қуатының өшуіне байланысты хабарламалар түсіп жатыр.
Tengrinews оқырманы жолдаған фото
Метрополитен не дейді?Метрополитен өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта станциялардағы жарық пен желдету жүйесі резервтік аккумуляторлық қуат көздерінен жұмыс істеп тұр.
"Электр пойыздарының қозғалысы сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі қалпына келтірілгенше тоқтатылады", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Жолаушылар станциялар мен пойыздардан эвакуацияланып жатқаны нақтыланды.
Метро жұмысының қайта жандануы туралы электр қуаты берілгеннен кейін қосымша хабарланады.
Tengrinews оқырманы жолдаған фото
Не болды?Бүгін сағат 14:30 шамасында Алматының бірнеше ауданының тұрғындары электр жарығының сөнгенін хабарлады. Қалада Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарындағы тұтынушылардың жарықсыз қалғаны ресми түрде расталды. Ал Алматы облысында бірнеше аудан жарықсыз қалған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Алматыда жаппай жарықтың сөнуіне "KEGOC" АҚ-на тиесілі 500 кВ магистральдық электр желілерінің апаттық жағдайда ажырауы себеп болған.
Қалада байланыс нашарлап, жол қозғалысы қиындады, бағдаршамдар жұмыс істемей тұр. "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ қазіргі уақытта мамандар электр қуатын қалпына келтіру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізіп жатқанын хабарлады.
Сонымен қатар Алматы тұрғындарына электр энергиясының сөнуінен кейін су беруде де іркілістер болуы мүмкін екені ескертілді.
Жарықтың сөнуіне байланысты тұрғындар қалалық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайдың да жұмысында қиындықтар туындағанын хабарлады.
Сондай-ақ Энергетика министрлігі болған жайтқа қатысты пікір білдіріп, жарықтың жаппай өшуіне не себеп болғанын айтты. Одан бөлек, Жетісу облысында да жарық өшіп қалғаны белгілі болды.
Істемей тұрған бағдаршамдар мен байланыстағы іркіліс: жарық өшкеннен кейін Алматыда не болып жатыр?
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу