Алматы метросында 30 ға жуық пышақ тәркіленді

03.08.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: polisia.kz

Polisia.kz сайтының мәліметіне қарағанда, Алматы метрополитенінің қызметін күн сайын 110 мыңнан 130 мыңға дейін жолаушы пайдаланады. Осыған байланысты метро аумағында қоғамдық тәртіп пен жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері метро аумағына тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 310 азаматты анықтады.

Атыраулық жылдар бойы үйінде сақталған Winchester 1895 қаруын полицияға тапсырды

Заңсыз айналымнан 29 пышақ, кастетке ұқсас 62 зат және төрт оқ-дәрі тәркіленді.

«Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында метро стансаларында заманауи бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Қазіргі кезде нысандарда 604 бейнекамера орнатылған. Олардың бір бөлігі нақты уақыт режимінде адамды тану функциясымен жабдықталған. Метрополитендегі қауіпсіздік – барлығымызға ортақ жауапкершілік. Жолаушыларды белгіленген ережелерді сақтауға, тыйым салынған заттарды алып өтпеуге, сондай-ақ күмәнді заттар мен заңға қайшы әрекеттер байқалған жағдайда полицияға немесе метро қызметкерлеріне дереу хабарлауға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында әр жолаушы үшін қауіпсіз орта қалыптастыра аламыз», деді метрополитендегі полиция басқармасының бастығы Орал Ахимов.

Полиция метрополитенді пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік талаптарын сақтау әр жолаушының тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі екенін еске салады.

Өзен жағасынан XIX ғасырдың қаруы табылды

Еске салайық, Жамбыл облысында малшылар қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыппұл төледі.

Дастан КЕНЖАЛИН,
«Egemen Qazaqstan»

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью