Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтындағы қателікке кім жауап береді?

21.11.2025

Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған материалдың тақырыбы мен оны дайындаған ЖИ-ге қатысты қоғамға сұрақ туындады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«ChaGPT сказал: Талғат ауданында озым дақылдарының күзгі егісі аяқталуға жақын» деген тақырыппен берілген жаңалық (скринде берілді) әкімдіктің ресми сайтында жарияланған. 

Аталған тақырыптағы «ChaGPT сказал» дегені Open AI-ға қарасты ChatGPT деп аталатын жасанды интеллект дайындап берген мәтін екенін түсінуге болады. Қоғамда «әкімдіктің баспасөз хатшысы ChatGPT болмағанда не істер еді?» деген пікірлер жазылып жатыр.

Расында, бүкіл бір облыс әкімдігінің сайтына материалды салып, жүктеген кезде бұл олқылыққа мән бермей қалған баспасөз хатшысы ма әлде ол пайдаланған ЖИ қателесті ме екен. 

Facebook әлеуметтік желісінен алынған скрин.
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью