Алматы облысы энергетика және сумен жабдықтау басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

12.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Нұрлан Өмірханов 1985 жылы туған, білімі – жоғары. 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Сумен жабдықтау, су бұру және су ресурстарын қорғау» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы «Базис» жобалау институтында II санаттағы сумен жабдықтау және су бұру инженері қызметінен бастаған.

Әр жылдары «Ай-Бек строй» ЖШС-нің бас инженері, «Алматы Су Холдингінің» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Су Желісі» мекемесінде диспетчерлік қызметтің ауысым инженері және II санаттағы инженер, Алматы қаласы құрылыс басқармасының статистигі, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, «Томи» жеке кәсіпкерлігінде құрылыс учаскесінің бастығы, «Асу Строй ЛТД» ЖШС-де инженерлік желілер құрылысы учаскесінің бастығы – техникалық директоры қызметтерін атқарған.

2025 жылғы сәуір айынан бастап Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасында бөлім басшысы лауазымын атқарып келді.

Еске салайық, бұған дейін апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар туралы жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью