Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Алматы облысында сегіз жігіттің екі ай бойы 15 жастағы оқушы қызды зорлағаны туралы ақпарат тараған еді.
— Облыс прокуратурасының бастамасымен қылмыстық істі толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету мақсатында іс Қонаев қаласының полиция басқармасына тергеуге берілді. Арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, — деп хабарлады ведомство.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, олардың екеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Енді қалған күдіктілер бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
— Тергеу барысы облыс прокурорының ерекше бақылауында, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда ауыл тұрғыны өз қызын зорлағаны үшін 16 жылға сотталғанын жазғанбыз.