Алматы облысында 1,8 млн гектар жер шегірткеге қарсы бақылауға алынады

16.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Биыл өңірде жалпы 1 831 690 гектар аумақта мониторинг жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 1 650 700 гектарда үйірлі шегірткелер, ал 180 990 гектарда саяқ шегірткелердің таралу қаупі жоғары. Көктемгі-жазғы кезеңге арналған тексеру көлемі 887 700 гектарды құрайды.

- Шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 153 963 гектар жерде жүргізіледі. Атап айтқанда, республикалық бюджеттен бөлінген 257,2 млн теңге есебінен 83 389 гектарда үйірлі шегірткелерге қарсы шаралар атқарылады. Оның ішінде итальяндық прусқа – 61 369 гектар, азиялық шегірткеге – 22 020 гектар жер тиесілі. Ал жергілікті бюджеттен бөлінген 292,8 млн теңгеге саяқ шегірткелерге қарсы 70 574 гектар алқап өңделмек, - делінген жергілікті әкімдік дерегінде.

Химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымдар анықталған. Әуе арқылы өңдеуді AVIASILA және КазАвиация жүзеге асырады. Бұл мақсатта 1 жеңіл және 6 аса жеңіл ұшақ жұмылдырылады. Ал жер үсті тәсілімен өңдеу жұмыстарын 7SU TRADE атқарып, 30 бірлік техника пайдаланылады. Сонымен қатар 2 дрон, Фитосанитария мекемесінің 4 бүріккіші және өзге де арнайы техникалар тартылады.

Қазіргі уақытта 12 778 гектар жерде шегірткенің күбіршіктеріне мониторинг жүргізілді. Оның ішінде итальяндық прус – 9 083 гектарда, азиялық шегіртке – 2 070 гектарда, ал саяқ шегіртке 1 625 гектарда анықталған.

- Науқанға барлығы 156 адам қатысады. Сонымен қатар жергілікті әкімдіктер мен жұмыспен қамту орталықтары арқылы қосымша 48 адам жұмылдырылмақ.

Шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары мамыр айының алғашқы онкүндігінде басталады. Сондай-ақ Алматы қаласы және Жамбыл, Қарағанды, Жетісу облыстарымен шекаралас аумақтарда бірлескен мониторинг жүргізу бойынша келісімдер жасалған, - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, Атырауда шегірткеге қарсы күреске 250 млн теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью