Алматы облысында 19 адам сушидан уланып, ауруханаға түсті

17.06.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 17 маусым - Sputnik. Алматы облысы Боралдай кентінде 19 адам сушидан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды облыстық сантиралық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Олар "Алатау" базары аумағында орналасқан Sushi Time қоғамдық орнында тамақтанған.

Оқиға туралы алғашқы хабарламалар түскен сәттен бастап санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, денсаулық сақтау мекемелері және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылған.

"Қазіргі уақытта Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зертханалық сараптама жасау үшін тағам өнімдерінен сынамалар алынып, материалдар уәкілетті органдарға жолданды", - дейді департамент.

Оқиғаның барлық мән-жайы толық анықталғанға дейін Sushi Time қоғамдық тамақтану орнының қызметі уақытша тоқтатылды.

Нақты себептері зертханалық зерттеулер мен тексеру нәтижелері шыққаннан кейін белгілі болады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью