Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алматы облысындағы «Алатау» арнайы экономикалық аймағында толық циклді биофармацевтикалық кешен салынады.
Тиісті инвестициялық келісімді Қазақстан Үкіметі мақұлдады. Жобаны Денсаулық сақтау министрлігі мен «Steppe pharmaceuticals» ЖШС жүзеге асырады. Жеке инвестиция көлемі 32,5 млрд теңгені құрайды.
Жаңа зауыт онкологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған дәрілерді қоса алғанда, 20 түрлі препарат шығармақ. Кәсіпорынды 2031 жылы іске қосу, ал толық өндірістік циклге 2034 жылы көшу жоспарланған.
Кешенде дәрі өндірумен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, халықаралық GMP стандарттары енгізіледі. Сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру жүйесі құрылады.
Жоба нәтижесінде шамамен 60 жаңа жұмыс орны ашылып, елдің дәрілік қауіпсіздігін күшейтуге және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік туады.