Алматы облысында 438 мың гектар жерге егін егу жоспарланып отыр

12.03.2026

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алматы облысында 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр.
Биыл өңірде 437,9 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған, оның 224 мың гектары суармалы алқаптарға тиесілі.

Егіс құрылымында дәнді дақылдар 175 мың гектарды құрайды, оның ішінде жүгері – 55,7 мың гектар. Сонымен қатар:

майлы дақылдар – 26,6 мың гектар,

картоп – 9,7 мың гектар,

көкөністер – 17,1 мың гектар,

бақша дақылдары – 2,9 мың гектар жерге егіледі.

Ал мал азықтық дақылдар 206,6 мың гектар алқапқа себіледі. Бұдан бөлек, 25,2 мың гектарға күздік дақылдар алдын ала егілген.

Қазіргі уақытта шаруалар 56 мың тонна тұқым дайындап, 78,4 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізуді жоспарлап отыр. Егіс жұмыстарына 5,4 мың тонна жеңілдетілген дизель отынына өтінім берілген.

Кең дала бағдарламасы аясында көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 10 млрд теңге қарастырылған. Бағдарлама бойынша бүгінге дейін 3,5 млрд теңгеге 28 өтінім қабылданды.

Өңірде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту да жалғасып жатыр. Қазір облыста 13,8 мың бірлік техника бар, оның 97 пайызы көктемгі дала жұмыстарына дайын. Биыл қосымша 640 жаңа техника сатып алу жоспарланып отыр.

Аграрлық сала өкілдері егіс науқанын белгіленген мерзімде әрі толық дайындықпен өткізуге ниетті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью