Алматы облысында 500 ден астам жалған хабарландыру бұғатталды

24.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: Depositphotos.com

Осы жылдың 5 айында республика аумағында болмаған қызметтерді көрсетуге байланысты 1 700-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 130-ы Алматы облысында жасалған.

Алматы облысының прокуратурасы мен «OLX Group» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында интернет-алаяқтық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде тәуліктік тұрғын үйді жалға беру туралы алаң талаптарына сәйкес келмейтін және құқыққа қайшы әрекеттердің белгілері бар 518 хабарландыру анықталып, бұғатталды», делінген Алматы облысы прокуратурасының хабарламасында.

Интернетте анонимділік жоқ: Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады

Анықталған барлық хабарландыру иелеріне қатысты прокуратураның тапсырмасы бойынша киберполиция қызметкерлері тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.

Хабарландырудың шынайылығына күмән туындаған немесе алаяқтық белгілері байқалған жағдайда мәміле жасаудан бас тартып, құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Еске салайық былтырғы жылдың соңында Бас прокуратура телефон алаяқтары 6,1 мыңнан астам азаматты алдағанын, алаяқтардың әдістері қиындағанмен, негізгі схема өзгермегенін мәлімдеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью