Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АЛМАТЫ, 18 тамыз – Sputnik. Биыл Алматы облысында білім беру саласына 458 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Оқулық қорын толықтыруға 3,3 млрд теңге қарастырылған. Жаңа оқу жылында әлеуметтік осал санаттағы 63 мың оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдары беріледі.
"Мектепке жол" акциясы аясында демеушілердің көмегімен 18 мың балаға қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар 185 мың оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады", - деп жазылған хабарламада.
Шалғай елді мекендердегі оқушыларды тасымалдауға 3 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 29 мыңнан астам баланы тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Алматы облысында үш ауысымды оқытуды жою мақсатында соңғы төрт жылда 75 жаңа мектеп салынып, 6 мектепке қосымша жапсаржай салынды. Оның ішінде мемлекет қолдауының арқасында жалпы 24 900 орынға арналған 26 "Келешек мектебі" ашылды.
Сонымен қатар 10 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Тағы екі нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.