Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Желідегі бейнероликтен ер адамның үй ауласында алдымен әйелді, кейін оның анасын белгісіз затпен ұрып жатқанын көруге болады.
Алматы облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша 31 жастағы азамат ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
— Ер адам мен оның жұбайы арасында жанжал туындағаны анықталды. Оқиға барысында әйелге және оның анасына дене жарақаттары келтіріліп, сондай-ақ мүліктері қасақана бүлінген. Болған жайтқа байланысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін полиция Жетісу облысында баланы ұрып-соққан әйелді ұстады.