Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Бүгін Алматы облысының Алатау қаласында алғаш рет eVTOL ауе таксиі ұшырылды. Мұндай сынақ Орта Азияда бірінші рет өткізіліп тұр. Электр қуатымен жұмыс істейтін аэротакси көлік кептелісін азайтуға, туристік нысандарды байланыстырып, діттеген жеріңе тез жетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аэротакс сағатына 200 шақырымды еңсере алады. Қуаты да 200 шақырымға шақталған. Бір ұшқыш пен бес жолаушыны тасымалдай алады. 13 электрқозғалтқышпен жабдықталған. Басқа көлік түрлерімен салыстырғанда дыбысы әлдеқайда бәсең және көмірқышқыл газын шығармайды. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес алғашқы сынақ жолаушысыз өткізілді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Елімізде енді ұшатын таксилер пайда болады
Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, жоба отандық көлік саласының тарихындағы айтулы жаңалық екенін атап өтті.
«Өздеріңізге белгілі, жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңға қол қойды. Қала келешекте экономикалық өсім үшін қолайлы экожүйеге айналады. Ал бүгінгі жоба – озық технологиялар мен «ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам. Осындай заманауи ұшып-қону құрылғыларын дамытуға күш салып жатқан «Alatau Advance Air Group Ltd.» командасының еңбегі ерекше құрметке лайық.Аталған бастама Алатау қаласын инновациялар мен цифрландырудың басты орталығы ретінде дамыту тұжырымдамасымен толық үндесіп жатыр. Жобаға 250 млн доллар инвестиция тартылды. Бұл – Alatau City-дің болашағына деген жоғары сенімнің көрінісі. Бүгінде еліміз жаһандық технологиялық өзгерістерді сырттай бақылап қана қоймай, олардың белсенді қатысушысына айналды. Көк аспанды бағындырған әуе таксилерінің сапары сәтті әрі қауіпсіз болсын. Орталық Азиядағы заманауи авиацияның жаңа дәуірі дәл осы біздің өңірден бастау алғаны – бәріміз үшін үлкен мақтаныш», – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ жобаны іске асырушы серіктестермен келісімшартқа қол қойды. «Alatau City Authority»-тың бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров өз сөзінде игі бастаманың беретін мүмкіндіктеріне тоқталды.
«Бүгін біз Қазақстан үшін тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Елімізде алғаш рет аэротакси сынақтан өтті. Бұл тек жаңа технологияны таныстыру емес, сонымен қатар инновация мен цифрлық технологияға негізделген жаңа қаланың даму кезеңінің бастамасы. Alatau City – болашақтың қаласы. Сондықтан еліміздің әуе мобильділігі мен жаңа индустриясының дамуы дәл осы жерден басталуының символдық мәні зор. Біздің мақсат – технологияны жай ғана енгізу емес, оның толыққанды экожүйесін қалыптастыру. Яғни қажетті инфрақұрылым құру, инженерлік саланы дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу», – деді ол.
eVTOL әуе таксиінің ұшып-қонуы үшін қуаттау және навигациялық жүйелермен жабдықталған вертипорттар пайдаланылады. Оларды қала ортасына – ғимарат шатырларына, көлік тораптарына және бизнес-кластерлерге орналастыруға болады. Қазіргі таңда Alatau City-де алғашқы вертипорттың құрылысы басталып кетті. Болашақта Алатау қаласы, Алматы және Алматы облысының туристік аймақтарында вертипорттар желісін құру жоспарланып отыр. Маршруттар өңірдің негізгі көлік тораптарын байланыстырады деп күтілуде.
Іс-шара барысында аэротаксимен қатар жүк тасымалдайтын дрондар мен цифрлық навигация платформасы да таныстырылды.
Қазіргі таңда әлем бойынша жолаушы тасымалдайтын аэротаксилер әлі сынақтан өткізіліп жатыр. Әзірге инфрақұрылымды дайындау жұмыстары жүргізіліп, құжаттары әзірленуде. 2029 жылға қарай іске қосылуы мүмкін. Бұл жоба тек өңірдің ғана емес еліміздің әуе тасымалын дамытуға серпін беретіні сөзсіз.
Соңғы жаңалықтар
Қазақ тіліне жаңа сөздер қосылды: «Тұрмыстық зат атаулары шеберханасы» байқауы мәреге жетті
Руханият • Бүгін, 20:29
Шавкат Аюпов: Алтын Орда тарихы – Еуразия халықтарына ортақ мұра
Руханият • Бүгін, 19:55
Қазақстан курорттарына баратын ұшақтар бағасы қолжетімді болады
Қоғам • Бүгін, 19:29
Элунду Лазар: Алтын Орда – мәдениетаралық диалог пен сан алуан мәдениеттердің тарихи моделі
Руханият • Бүгін, 19:14
Астанаға Кения Республикасының Президенті келді
Саясат • Бүгін, 18:52
Клубтан шыққан даулы бейне: жартылай жалаңаш әнші бұзақылығы үшін жазаланады
Қоғам • Бүгін, 18:38
ТЖМ құтқару операцияларына арналған төртінші ұшақты алды
Құтқарушы • Бүгін, 18:05
Ақтөбеде шетелдік студенттерден ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 17:58
Жетісу облысында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды
Оқиға • Бүгін, 17:57
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 17:37
Алматы әуежайын су басты: Министр түсініктеме берді
Алматы • Бүгін, 17:30
Футболдан Әлем чемпионатын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 17:25
Аида Балаева: Мәдениет саласы креативті индустриялардың қозғаушы күшіне айналды
Форум • Бүгін, 17:15
Алматы полициясы тренингте балағат сөз айтқан коучты жауапқа тартты
Оқиға • Бүгін, 17:14
Алматы облысындағы қанды оқиға: Марқұмның туыстары ауыр қылмысты қайта қарауды талап етті
Оқиға • Бүгін, 17:10