Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Ақсай автожолында қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
"ҚазАвтоЖол" АҚ Алматы облыстық филиалының мәліметінше, жолдың 18-ден 51-шақырымға дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Фото: "ҚазАвтоЖол"
28-31 тамыз аралығында күн сайын сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін Байсерке – Көктерек бағытындағы жолдың 18,7 – 22 шақырым аралығы қозғалыс үшін толық жабылады.
Жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлауды және айналма жолды пайдалануды сұрайды. Учаскеде тиісті жол белгілері орнатылып, реттеушілер жұмыс істейді.
Тасжолдардағы қазіргі шектеулерҚазіргі уақытта жолдың бірнеше учаскесінде қозғалыс шектеулері қолданылады:
7 тамыздан бастап - Алматы - Тараз автожолының учаскесінде (159-дан 238-шақырымға дейін). Жұмыстардың болжамды мерзімі - бір ай; 24 шілде мен 30 қараша аралығында - Медеу - Тұйықсу автожолында; 24 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында - Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу