Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Алматы облысында республикалық маңызы бар тасжолдың бір учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, 2026 жылдың 30 шілдесі мен 25 тамызы аралығында республикалық маңызы бар "Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченск" көлік жолының 19+300 шақырымындағы көпірде қозғалыс шектеледі.
Шектеу енгізу себебі - жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Фото: "ҚазАвтоЖол"
Жөндеу жұмыстары кезінде көліктер айналма жолдарға бағытталады.
Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілген қозғалыс сызбасын сақтау сұралады.
Еске сала кетейік, 20 шілдеде Алматы облысында Алматы – Бішкек республикалық тасжолының бір учаскесін кеңейту жұмыстары басталған болатын. Жаңғырту жолдың 19-шақырымы мен 27-шақырымы аралығын қамтиды.
Тасжол 8 жолақты болады, ал кеңейту жұмыстарын 2027 жылдың желтоқсанына дейін аяқталмақ.
Жаңғыртудан кейін Алматыға кіру және шығудың өткізу қабілеті артып, қозғалыс қауіпсіздігі жақсарады және жолға кететін уақыт қысқарады деп күтіледі.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу