Алматы облысында Балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы тағайындалды

30.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Облыс әкімдігінің мәліметінше, бұл басқарма осы жылдың 11 наурызында Мемлекет басшысының балаларды қорғау жүйесін күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес құрылды.

Дәулет Шайтұрсын 1988 жылы туған, білімі – жоғары. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, Тұран университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «ҚызылордаОтын» ЖШС директорының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары «АБК-Құрылыс» ЖШС директорының бірінші орынбасары, директоры, Қызылорда облыстық филармониясының бас әкімшісі, облыс әкімі аппаратының инспекторы, «Байқоңыр» ӘКК» ҚБ» АҚ ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бастығы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің маманы, Алматы қаласы әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы, Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Өткен жылдың наурызына дейін Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымдарында, кейін Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының өңірлік инспекторы болып еңбек етті.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда балалардың құқығын қорғау жөніндегі жаңа басқарма құрылатынын жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью