Алматы облысында бірнеше елді мекенді жалғастыратын екі көпір қирады

07.07.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Алматы облысындағы Талғар және Түрген өзендері арқылы өтетін көпірлер қирады, деп хабарлайы Sputnik Қазақстан.
Осыдан 2-3 жыл бұрын бұл көпірлер апатты деп танылған. Оны пайдалануға болмайтыны туралы сараптама да шыққан. Ал осы жолы селдің суы тіпті бүлдірген.
Бұл объектілерге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған.

"Талғар өзені арқылы өтетін көпір жобасының құны 1 413,178 млн теңге, іске асыру ұзақтығы-6 ай. Түрген өзені арқылы өтетін көпір 674,511 млн теңге, іске асыру ұзақтығы – 5 ай", - дейді Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі.

Биылғы жылға көпір құрылысын реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру көзделген:

Талғар өзені арқылы өтетін көпір 400 млн теңге;

Түрген өзені арқылы өтетін көпір 200 млн теңге.

25 маусымда конкурс жеңімпаздары анықталды. Қазіргі уақытта олармен шарт жасасу кезеңі жүзеге асырылуда, дейді әкімдік.
Мердігер ұйымдармен шарт жасалғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Ол биыл III тоқсанда жүзеге аспақ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью