Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Департамент басшысы Жеңісбек Ахметовтың айтуынша, жыл басынан бері азаматтардан 1313 өтініш түскен. Оның ішінде электронды сауда, тұрмыстық қызметтер, білім беру, коммуналдық және медициналық қызметтерге шағымдар саны артқан.
- Әрбір өтініш жіті қаралып, заң аясында нақты шаралар қабылданды. Нәтижесінде 25 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 684 762 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар тұтынушыларға 13 281 000 теңгеден астам қаражат қайтарылды. Бұл көрсеткіш департамент жұмысының тиімділігін және азаматтардың құқықтарын қорғауда нақты нәтижелер бар екенін дәлелдейді, - деді ол.
Спикердің айтуынша, сауда қызметін реттеу бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты деңгейде сақтауға мән берілген.
- Департамент сауда үстемесінің шекті мөлшерін сақтау және баға белгілеу талаптарының орындалуын тұрақты бақылауда ұстайды. Жыл басынан бері 131 сауда субъектісіне қатысты 449 әкімшілік хаттама толтырылып, 2 460 894 теңге көлемінде айыппұл салынды, - деді Жеңісбек Ахметов.
Еске салайық, елордада 48 млн теңге тұтынушыларға қайтарылды.