Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Бизнесқа кедергі келтірген үшін 30 табиғи монополия субъектісі жауапқа тартылды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Прокурорлар Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп табиғи монополия субъектілерінің қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарын сақтауына талдау жүргізді.
Кәсіпкерлердің өтініштерін қарау мерзімдерін бұзу, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттар беруден негізсіз бас тарту және бос қуаттар туралы ақпаратты жасыру фактілері анықталды.
"Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 30 табиғи монополия субъектісі әкімшілік жауаптылыққа тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Нәтижесінде салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 23 млн теңгеден асты.