Алматы облысында демалыс күндері жаппай тазалық акциясы ұйымдастырылады

30.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылатын шараға Ұлттық парк қызметкерлері, орманшылар, қорықшылар, қоғам белсенділері, еріктілер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері мен тұрғындары түгел атсалысады.

Алматы облысында оннан астам туристік дестинация және жүзден астам танымал туристік бағыт бар.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Үш күндік мерекелік демалыста тау-тасқа, өзен-көлдер мен табиғат аясына баратын саяхатшылар саны артады.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондықтан қонақтардың табиғатты ластамай, қоқысты белгіленген орындарға жинап кетуі өлке тазалығы үшін аса маңызды. Әсіресе туристік аумақтардың тазалығына ерекше ден қойылып отыр.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Осы орайда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев туған жердің табиғатын аялап, тұрғындар мен қонақтарды «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысуға шақырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Марат Султангазиев (@marat_sultangaziyev)

— «Қымбатты облыс тұрғындары! Халқымыз ежелден «тазалық» ұғымын жанның тазалығымен, ниеттің түзулігімен ұштастырып, оған ерекше мән берген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Таза Қазақстан» акциясы — бұл бір реттік науқан емес, ұлтымыздың болмысындағы асыл қасиеттерді жаңғыртатын бірегей бастама. Тазалық — өркениеттің айнасы. Біз тек сенбіліктермен шектелмей, қоршаған ортаны күтіп ұстауды күнделікті әдетке айналдыруымыз қажет. Әрбір тұрғын өз ауласына, әрбір ұжым өз мекемесіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әсіресе, облыстың барлық кәсіпкерлерінің бұл іске үлес қосуы — бизнестің қоғам алдындағы жауапкершілігінің айғағы. Нысандардың эстетикалық талаптарға сай болуы өлкеміздің ажарын аша түсері сөзсіз. Біздің ортақ мақсатымыз — «Заң мен тәртіп» қағидаты орныққан қауіпсіз қоғам құру. Өйткені тәртіп бар жерде тазалық та, береке де болады. Отанға қызмет ету осындай қарапайым, бірақ маңызды істерден басталады. Баршаңызды осы игі бастамаға атсалысып, өңірімізді жауапкершілік пен жасампаздықтың аймағына айналдыруға шақырамын! — деді өңір басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью