Алматы облысында дрондар жол ережесін бұзудың 400 ге жуық дерегін тіркеді

17.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен жол ережесін бұзудың 376 дерегі анықталған. 

Ең жиі тіркелген құқық бұзушылықтардың қатарында қарсы бағыттағы жолаққа шығу, қиылыстардан өту қағидаларын бұзу, жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзу, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол жүру қағидаларын бұзуы бар. 

– Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану жол-көлік оқиғалары жиі болатын учаскелерде құқық бұзушылықтарды анықтауға, объективті бақылауды қамтамасыз етуге және жүргізушілердің қауіпті әрекеттеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, өйткені басты міндет – жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, апаттылықтың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев.

Еске салайық, биыл наурыз айында Алматы камералары көлікте телефон ұстаудың 1 мыңнан астам дерегін тіркеген.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью