Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Алматы облысының Талғар ауданында екі дүкеннен өрт шықты. Өрт аумағы 256 шаршы метрді алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Өткен түні Талғар ауданының Жаңалық ауылында бір қабатты екі дүкеннен өрт шықты. Оның бірі – азық-түлік дүкені, екіншісі – жылыту қазандықтарын сататын дүкен.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде екі ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт жедел сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 256 шаршы метр болды.
"ТЖМ қызметкерлері көлемі 25 литр газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды, сондай-ақ материалдық құндылықтарды сақтап қалды", - делінген хабарламада.