Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Фото: Видеодан алынған кадр
Қолайсыз ауа райы салдарынан болған оқиға Еңбекшіқазақ ауданында, дәлірек айтқанда, Еңбек және Қырбалтабай ауылдарының арасындағы автожол бөлігінде (Қырбалтабай бұрылысында) тіркелді. Жол жиегінде өсіп тұрған алып ағаш тамырымен жұлынып, өтіп бара жатқан екі жеңіл көліктің үстіне құлаған.
Әлеуметтік желілерде куәгерлер түсірген бейнежазбалар жарияланды. Видео кадрларынан оқиға орнында бірнеше автокөлік пен шұғыл қызмет өкілдерінің жүргені, сонымен бірге апат сәтінде өңірде өте қатты жел соғып тұрғаны айқын көрінеді.
Апат орнына Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, сондай-ақ жедел жәрдем бригадалары шұғыл түрде жіберілген.
Ресми мәліметтерге сәйкес, ағаштың құлауы нәтижесінде төрт адам түрлі деңгейде жарақат алған.
Еске сала кетейік, Ақтөбеде 21 маусым күні түстен кейін дауыл басталып, тұрғындарды әбігерге салған. Қалада қатты жел салдарынан ағаштар тамырымен жұлынып, көліктерге зақым келген.