Алматы облысында ер адам итті өртеп жіберген

05.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Фото: istockphoto.com

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

«Бейбіт өмір сүріп жатқан Қазақстанда болып жатқан сұмдық қатыгездік пен немқұрайлылықпен қалай келісуге болады? Мұны адам жасады, мұны адамдар көрді, бірақ ешкім көмектеспеді, ешкім тоқтатпады», делінген жазбада.  

Полиция мәліметінше, оқиғаға қатысы бар күдікті анықталып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жануарлар туралы заңға енгізілген түзетулер: деректер, цифрлар және өзгерістердің себептері 6 мин оқу үшін

Күдіктінің сөзінше, бірнеше күн бойы далада қимылсыз жатқан ит шіри бастаған. Ол ауылдық чат арқылы жануарды алып кету жөнінде өтініш білдірген. Алайда ешкімнен жауап болмаған соң ол осындай әрекетке барған.  

Құқық қорғау органдары бұл уәждердің барлығын тексеріп жатқанын хабарлады.

Еске сала кетейік, елімізде жануарларға қатыгездік көрсеткен азаматтар үшін 5-тен 30 АЕК-ке дейін (129 750 теңге) айыппұл белгіленген. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью