Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Алматы облысындағы тасжолдың бөлігін еріген қар суы шайып кетті, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматы облысындағы тасжолдың бөлігін еріген қар суы шайып кетті, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Не болған?Республикалық маңызы бар Кеген - Нарынқол автожолының 20-шақырымында еріген қар суын өткізетін су өткізгіш құбыр зақымданып, соның салдарынан жол астындағы топырақты су шайып, жол опырылып түсті.
Аталған учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылған. Сөз 0–21 шақырым аралығындағы (Кеген – Тасашы учаскесі) жол бөлігі туралы болып отыр.
Фото: "ҚазАвтоЖол"
Бұған дейін бұл учаске су тасқыны қаупі бар аймақтар қатарына жатпағаны атап өтілді.
Қандай шаралар қабылданады?Жақын арада қиыршық тас төселген уақытша айналма жол салу жоспарланған. Негізгі қалпына келтіру жұмыстары еріген қар суы толық өткеннен кейін басталады.