Алматы облысында Формула 1 пилоттарының академиясы ашылады

05.08.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында алдағы 5 жыл бойы халықаралық "Формула-1 H2O" жарысы өткізіледі, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл жоба судағы сайысты ұйымдастырумен ғана шектелмейді. Алдағы уақытта өңірде катерлер шығаратын зауыт салынады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ су көліктерін басқаратын пилоттарды оқытатын академия ашылмақ. Тіпті су үстіндегі Формула-1 жарысында ел намысын қорғайтын ұлттық команда жасақталады.

© Акимат Алматинской областиАлматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев "F1H2O" жарысын ұйымдастырушылармен кездесті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев "F1H2O" жарысын ұйымдастырушылармен кездесті

© Акимат Алматинской области

Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев "F1H2O" жарысын ұйымдастырушылармен тағы бір мәрте кездесіп, халықаралық шараны жоғары деңгейде өткізу мәселесін талқылады.

"Формула-1 H2O" секілді халықаралық жарыстарды өткізу еліміздің әлемдік деңгейдегі беделін одан әрі арттыра түседі. Облыс әкімдігі тарапынан бұл бастамаға толық қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ ҚР Спорт және туризм министрлігімен бірлесіп, сайысты еліміз үшін маңызды ұлттық жоба ретінде іске асыруға күш саламыз", – деді аймақ басшысы.

Ал H2O Racing компаниясының өкілі Раймондо ди Сан Джермано Қазақстан бұл сайысты өткізуге ең қолайлы ел екенін айтты.

© Акимат Алматинской областиАлматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев "F1H2O" жарысын ұйымдастырушылармен кездесті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев "F1H2O" жарысын ұйымдастырушылармен кездесті

© Акимат Алматинской области

"Халықаралық доданың Орталық Азияда кеңінен дамығанын қалаймыз. Әлем бойынша су үстіндегі ең ауқымды жарысты Қонаевта ұйымдастыруды ұйғардық. Себебі бұл шаһар су туризмімен кең танымал. Ыстықкөлде өткен жарыста 2027 жылғы әлем чемпионатының Қазақстанда өтетінін ресми түрде жарияладық. Алдағы уақытта біз пилоттарды даярлайтын академия ашып, су көліктерін басқаратын мамандарды оқытамыз. Сондай-ақ Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда осы спорт түрінің федерациясын дамыту бағытында жұмыс істейміз", – деді Раймондо ди Сан Джермано.

Бұл жобалардың барлығы Қонаев қаласында жүзеге асады. Бұдан бөлек, Қазақстанда спорт катерлерін шығаратын зауыт ашу да жоспарланып отыр, дейді компания өкілі.

Айта кетейік, "Formula-1 H2O" биыл Қырғызстандағы Ыстықкөл жағалауында өтті. Спорттық іс-шараны тамашалауға 6 елдің президенті арнайы барып қатысты. Ал келер жылы Қапшағай көлінде болатын жарысты әлем бойынша бір миллиардқа жуық адам тікелей трансляция арқылы тамашалайды деп күтіліп отыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью