Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Оның сөзінше, өңірде 2024 жылы 1470 алаяқтық дерегі тіркелсе, 2025 жылы олардың саны 1711-ге жеткен.
Жалпы алаяқтық қылмыстары 16,4 пайызға өскен. Дегенмен, Әлібек Керім облыста интернет-алаяқтық қылмыстарының саны төмендегенін атап өтті.
- 2024 жылы өңірде 75 интернет-алаяқтық дерегі тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 35-ке дейін қысқарды.
Бұл жүргізіліп жатқан алдын алу шараларының оң нәтижесін көрсетеді, - деді ол.
Полицияның жедел уәкілі алаяқтар қолданатын жиі әдістердің қатарында sms-код сұрату, жалған инвестициялық жобалар арқылы табыс уәде ету, шын мәнінде жұмыс істемейтін интернет-дүкендер, сондай-ақ делдалдық сипаттағы «дроперлік» схемалар бар екенін айтты.
– Жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде 2025 жылы интернет-алаяқтыққа қатысты 39 миллион 680 мың теңге күдікті есепшоттардан уақытылы бұғатталды.
Оның ішінде 18 миллион 269 мың теңге зардап шеккен азаматтарға кері қайтарылды.