Алматы облысында ірі өрт шықты: Тікұшақтан 36 тонна су төгілді

20.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің 70 қызметкері, 15 техника, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығының күштері жұмылдырылды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға аптап ыстық пен солтүстік-батыстан соққан қатты жел кедергі келтірді. Соған қарамастан, өрт оқшауланды.

Солтүстік Қазақстан облысында заманауи өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді

Өртті сөндіру барысында авиация қолданылып, әуеден жалпы 36 тонна су төгілді.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт ошағынан шамамен бес шақырым жерде орналасқан Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью