Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында бір миллионнан астам ағаш отырғызылмған, деп хабарлады Бас прокуратура.
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында облыстың Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы ағаштарды өтемдік отырғызу кезінде заңнама талаптарының орындалуына талдау жүргізді.
"Талдау жасыл желектерді кесуге рұқсат беру кезінде көзделген 1 миллионнан астам көшетті отырғызу міндеттемелерінің толық көлемде орындалмағанын көрсетті", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство хабарлауынша, соңғы жылдары уәкілетті органдар 100 мың ағаштан астам ағашты кесуге 307 рұқсат берген. Неғұрлым ауыр бұзушылықтар Еңбекшіқазақ ауданында анықталды, онда 120 рұқсат бойынша 63 мыңнан астам ағаш кесіліп, бұл ретте өтемдік ағаш отырғызу толық орындалмаған.
Қабылданған шаралардан кейін қазірдің өзінде 150 мыңға жуық ағаш отырғызылды, 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.