Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Алмат облысы полиция департаментінің мәліметінше, 16-сынан 17 сәуірге қараған түні Талғар ауданында күдіктілер алдын ала жоспарланған схема бойынша 28 жастағы азаматты адамдар аз жүретін жерге алдап шақырған. Кейін олар пышақпен қорқытып, күш қолдану арқылы жәбірленушіге дене жарақатын келтіріп, оны таулы аймаққа күштеп алып кеткен.
Қаскөйлер жәбірленушіні құқық қорғау органдарына оның тарапынан заңсыз әрекеттер жасалды деген жалған ақпарат таратамыз деп қорқытып, 10 миллион теңге талап еткен. Сондай-ақ құны шамамен 17 миллион теңге болатын автокөлігін кепіл ретінде алып қойған.
— Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады, сондай-ақ ұсталғандардың өзге де осы тектес қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі, — деді облыстық полиция бастығы Мейрам Әбікеев.
Еске салайық, Шымкентте блогер әрі журналист бопсалау ісі бойынша 5 жылға сотталды.