Алматы облысында күрделі жөндеуден өткен мектеп шатырынан су аққан

27.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Алматы облысының әкімдігі білім басқармасына тұрғындардан мектеп ғимаратының төбесінен су аққаны туралы өтініш түскенін хабарлады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар жедел түрде нысанға барып, визуалды тексеру жүргізіп, жағдайға құқықтық баға берген. 

– Тексеру нәтижесінде анықталған олқылықтар сол күні мердігер ұйымға ресми түрде көрсетіліп, «Arsh Stroy» ЖШС кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою бойынша міндеттеме алған. Шатырдағы ақауларды жою жұмыстары биыл 1 ақпанына дейін толық аяқталады, - деп хабарлады әкімдіктен. 

Фото: Алматы облысының әкімдігі

900 оқушыға арнап соғылған №20 орта мектеп 2013 жылы пайдалануға берілген. Алайда бүгінде мұнда екі ауысымда шамамен 1 800 оқушы білім алады. Оқу орны 2024 жылғы 21 мамырда күрделі жөндеуге жабылып, 2025 жылғы 1 қыркүйекте қайта жұмысын бастады. Жөндеу жұмыстарының тапсырыс берушісі – Іле ауданы әкімдігі, ал мердігер – «Arsh Stroy» ЖШС.

– Тексеру барысында мектептің жертөле бөлмесінде судың жиналғаны да анықталған. Қазіргі уақытта суды сорғыту және бөлмелерді кептіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ылғалдың пайда болу себептері нақтыланып жатыр. Сонымен қатар дренаж жұмыстары бұған дейін басталғанымен, толық аяқталмаған. Ауа райы жылынғаннан кейін жұмыс жалғасады, - деп толықтырды әкімдік өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы мектепте 15 жастағы оқушы мерт болды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью