Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ел біріншілігінде спортшылар 10 м қашықтықта пневматикалық винтовка және тапаншамен ату дисциплиналары бойынша жекелей, аралас (микс) және командалық жарыс түрлері бойынша сынға түседі.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша, үздік өнер көрсеткен спортшылар Қазақстан командасының қатарына жасақталады. Оған қоса, аталмыш бәсеке қараша айында Жапония елінде өтетін Азия пара ойындары алдындағы дайындық кезеңдерінің бірі болып табылады.
Айта кетейік, пара оқ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты 18-ші сәуірге дейін жалғасады. Салтанатты ашылу рәсімі: 13-ші сәуір сағат 14:00-дебасталады.
Осыған дейін қызылордалық спортшының пара пауэрлифтингтен Азия рекордын жаңартқаны туралы жаздық.