Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Алматы облысында полицейлер жоғары технологиялы астыртын есірткі зертханасының жолын кесті. Оның ұйымдастырушысы бірнеше жыл бойы каннабисті өсірудің заманауи әдістерін зерттеп, арнайы жабдықтар сатып алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, қылмыстық топ есірткінің заңсыз өндірісін – құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруден бастап дайын өнімді VIP-клиенттерге сатуға дейінгі толық циклді жолға қойған.
"Жойылған фитозертхана заманауи автоматтандырылған желдету жүйесімен, температура, жарықтандыру және суару датчиктерімен жабдықталған. Онда жыл бойы құрамында есірткі бар өсімдіктердің жоғары концентрациялы сорттары өсірілген", - деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов.
Бүркеніштелген жеке кіреберісі бар жертөлені тінту кезінде полицейлер 29 түп сора, 27 келі дайын өнім, өсімдік өсіруге арналған жабдықтар, электронды ақпарат тасығыштар, байланыс құралдары, сондай-ақ 3 миллион теңге қолма-қол ақша тапты. Сонымен қата, оқ-дәрілері бар тіркелмеген травматикалық қару тәркіленді.
Тергеу мәліметтері бойынша, заңсыз бизнесті 40 жастағы ер адам ұйымдастырған. ІІМ хабарлауынша,ол тіпті ауданы 100 шаршы метрден асатын жеке салынған ғимаратта өндірісті кеңейтуді жоспарлаған. Сондай-ақ тергеу барысында күдіктінің құрамында есірткі бар шикізатты қайта өңдеудің заманауи әдістерін енгізіп, гашиш майы ретінде белгілі каннабиноидты сығындыларды дайындаумен айналысқаны анықталды.
Жедел-іздестіру шараларын жалғастыру барысында ұйымдастырушының сыбайласы болуы мүмкін деген күдікпен 45 жастағы ер адам ұсталды, ол бұған дейін аса ауыр қылмыстар үшін бірнеше рет сотталған. Оның гаражынан полицейлер төрт келіге жуық гашиш, өлшеп салынған өнімдер, zip-пакеттер және есірткі тұтынуға арналған құрылғыларды тапты.
Іс бойынша барлық фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қылмыстық схеманың басқа да ықтимал қатысушыларын, сондай-ақ жабдықтар мен тұқымдарды жеткізу арналарын анықтауды жалғастырады.