Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Алматы облысы прокуратурасының хабарлауынша, азамат «К» бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, арнайы рұқсат құжаттарынсыз экскаваторды пайдаланып, пайдалы қазбаларды өндіруді жалғастырған. Заңсыз өндірілген материал көлемі 32 текше метрге жеткен.
Оның әрекеті жер қойнауын пайдалану саласындағы заң талаптарын өрескел бұзу ретінде бағаланды. Бірінші сатыдағы сот құқық бұзушыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 139-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 220 мың теңге көлемінде айыппұл салған.
Алайда мұнымен бұл іске нүкте қойылған жоқ. Заңнамаға сәйкес, мұндай құқық бұзушылықты қайталап жасау тек айыппұлмен шектелмей, құқық бұзушылық жасау кезінде пайдаланылған құралдарды міндетті түрде тәркілеуді де көздейді. Алматы облысы прокуратурасының араласуынан кейін жоғары тұрған сот алғашқы қаулыны өзгертіп, қосымша жаза ретінде нарықтық құны шамамен 25 миллион теңге болатын «Zaxis LCN 200» маркалы экскаваторды тәркілеу туралы шешім шығарды.
Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндірумен айналысқан шетелдік елден шығарылғанын жазған едік.