Алматы облысында құтқарушылар таудан екі турист қызды эвакуациялады

26.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қыздар 10 адамнан тұратын туристік топ құрамында тауға көтерілген. Көтерілу барысында олардың аяқтары жарақаттанып, өздігінен төмен түсе алмады. Хабарлама түскен бойда оқиға орнына «Бұтақты» бақылау-құтқару бекетінің құтқарушылары жедел аттанды.

ТЖМ қызметкерлері турист қыздарды тауып, тау бағытынан эвакуациялады және оларды аман-есен «Бұтақты» бақылау-құтқару бекетіне жеткізді. Сол жерде олар ата-аналарына тапсырылды. Қыздар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Алматы тауларында жоғалып кеткен турист аман-есен табылды

ТЖМ тауға шығар алдында өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалауды, дайындық деңгейіне сай бағыт таңдауды, өзіңізбен бірге байланыс құралдарын алып жүруді және жоспарланған маршрут туралы жақындарыңызға хабарлауды ескертеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью