Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АЛМАТЫ, 11 ақпан – Sputnik. Алматы облысында заңсыз интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Заңсыз әрекеттерді жасыру үшін жалған азаматтарға тіркелген, бір-бірімен байланысты заңды тұлғалар желісі пайдаланылған.
"1Win интернет-платформасы 11 мыңнан астам онлайн ойынға, сондай-ақ спорттық және киберспорттық оқиғаларға бәс тігуге мүмкіндік берген. Бәс қабылдау және ұтыстарды төлеу банк карталары, электронды төлем жүйелері және криптовалюта арқылы жүзеге асырылған", - дейді агенттік.
Күдіктілер халықаралық іздеуге жарияланып, оларға қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.
Бұдан бөлек, қылмыстық жолмен алынған күдіктілердің мүлкі сотқа дейін тәркіленді. Оның ішінде: Mercedes Maybach S500, Lamborghini Huracan, Toyota Land Cruiser автокөліктері, сондай-ақ банк шоттарындағы 151 млн теңге, 14 600 АҚШ доллары және 44 400 еуро бар.
Сот қаулысымен жалпы құны 420 млн теңгеден асатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.