Алматы облысында қызды шығарып салған 17 жастағы баланы топ болып өлтіріп кетті

28.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алматы облысында төбелес кезінде қаза тапқан 17 жастағы Жангелді Мұраттың туыстары істің объективті тергелуін және әділ жаза берілуін талап етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сілтеме жасап.

Алматы облысында төбелес кезінде қаза тапқан 17 жастағы Жангелді Мұраттың туыстары істің объективті тергелуін және әділ жаза берілуін талап етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сілтеме жасап.

Қаза тапқан жасөспірімнің анасының айтуынша, бірінші қаңтарда ұлы өзінен өтініш жасаған бойжеткенді шығарып салу үшін үйден шыққан. Жолда оны үш жігіт тоқтатыпты. Олар Жангелдінің неліктен өздерінің "қарындасымен" сөйлесіп жүргенін сұрап, мән-жайды анықтай бастаған. Алайда марқұмның туыстары олардың ешқандай да туыстық қатысы жоқ екенін алға тартады.

Жанжал өршіп, қатысушылардың бірі - тоғызыншы сынып оқушысы өзінің ағасын шақырған. Әйелдің сөзінше, оқиға олардың үйінің маңында болған.

"Ұлым оларға бұл қыздың өтінішімен келгенін, ешқандай жаман ойы жоқтығын түсіндіруге тырысқан. Бірақ олар бәрібір жанжал шығарды. Бір сәтте күдіктінің анасы жасөспірімдерді ажыратпақ болған. Маған айтқандарындай, абайсызда Жангелдінің әйелге қолы тиіп кеткен. Осыдан кейін оның тоғызыншы сыныпта оқитын ұлы Жангелдіні бірнеше рет пышақпен аяусыз ұрған. Жарақаттары өте терең болды", - дейді марқұмның анасы Жанар Талқанбаева.

Қансырап жатқан жасөспірімді жанжалға қатысушылар ауруханаға жеткізуге тырысқан. Алайда оны құтқару мүмкін болмаған. Марқұмның жақындары Жангелдіге кемінде төрт адам шабуыл жасағанына сенімді. Соған қарамастан, сотта тек бір кәмелетке толмаған жасөспірім ғана жауап беріп жатыр. Жәбірленушілердің айтуынша, қалғандары әлі күнге дейін жауапкершілікке тартылмаған.

"Жангелді болашаққа үлкен жоспарлары бар өте жарқын бала еді. Фельдшер мамандығында оқып, адам өмірін құтқарғысы келетін", - дейді марқұмның әжесі Тазагүл Рережепова.

Қаза тапқан баланың отбасы бұл кездейсоқ төбелес емес, топтық шабуыл деп есептейді. Туыстары басқа қатысушылар жазадан құтылып кетуі мүмкін деп қауіптенеді. Алматы облыстық соты күдіктінің кәмелетке толмағанына байланысты негізгі сот процесі жабық режимде өтіп жатқанын атап өтті.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Қызылордадағы жол апаты: марқұмның отбасы Lexus жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін екенін мәлімдеді

30 наурыз 15:27 1

“Өкінемін, кінәлімін“: Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар кешірім сұрады

02 сәуір 14:44 1

Қорғаныс министрлігі Атырау облысында әскери техника түсірілген видеоға пікір білдірді

31 наурыз 16:22 1

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью