Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Іле Алатауы ұлттық паркінің биік таулы аймағында фототұзаққа сирек кездесетін гималай ұлары түсіп қалды. Кадрдан құс пен оның бірнеше балапанын көруге болады, деп хабарлайды Tengri Travel.
Бұл ерекше жағдай туралы Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.
"Теңіз деңгейінен 2500–3300 метр биіктікте мекендейтін гималай ұлары (Tetraogallus himalayensis) бірнеше жетілген балапанымен бірге фототұзаққа тіркелді", - делінген жазбада.
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
A post shared by ILE-ALATAU_NATIONAL_PARK (@ile_alatau_nationalpark)
Парк әкімшілігінің мәліметінше, ұлардың кездесуі түрдің табиғи ортада тұрақты көбейіп, мекендеуіне қолайлы жағдай сақталғанын көрсетеді.
Гималай ұлар (Tetraogallus himalayensis) - қырғауылдар тұқымдасына жататын ең ірі тау құстарының бірі. Зоология институтының мәліметінше, Қазақстанда ол Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Сауыр және Тарбағатай тауларының биік жоталарын мекендейді. Бұл құстар 3300 метр биіктікке дейінгі альпі шалғындарын, тасты беткейлер мен жартасты жерлерді таңдайды. Олар отырықшы өмір салтын ұстанады, тек қыста қар аз түсетін жерлерді іздеп, сәл төменірек түсуі мүмкін.
Айта кетейік, маусымда Қатонқарағай ұлттық паркіндегі фототұзаққа ілбіс тағы түсіп қалған болатын. Алғаш рет қыста объективке іліккен марғаулар айтарлықтай өсіп қалған және анасымен бірге тауды белсенді зерттеп жүр.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу