Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Алматы облысында адам өлтіру ісін қарауға қатысқан алқаби сот отырысына ешқандай дәлелді себепсіз келмегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Іс материалдарына сәйкес, алқаби сот отырысына қатысуды тоқтатып, ешқандай түсініктеме берместен байланысқа шықпай қойған.
Осының салдарынан судья оны алқабилер құрамынан шығарып, орнына қосалқы алқабиді тартуға мәжбүр болды. Кейін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Қарасай ауданаралық соты азаматты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 657-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды.
Сот аса ауыр қылмысқа қатысты процестегі міндеттеріне жауапсыз қарағаны үшін оған 200 айлық есептік көрсеткіш, яғни 865 мың теңге көлемінде айыппұл салды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.