Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Алматы облысында тағы бір елді мекен ішімдіктен бас тартты. Бұл жолы бастамаға Еңбекшіқазақ ауданындағы Төле би ауылы қосылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полиция дерегінше, спирт өнімдерінен бас тартқан тоғыз ауылда соңғы үш жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ал Төле би ауылы тау спортын сүйетіндердің сүйікті орны. Алайда ауыл тұрғындары ішімдіктен бас тартқан.
Жергілікті кәсіпкерлер бастаманы толықтай қолдап, дүкен сөрелерінен толықтай спирт ішімдігін алып тастаған.
"Басқа ауылдарға қарап, үлгі алуды жөн көрдік. Қазір ешкім ішімдік ішпейді. Көшеде мас адамды таппайсыз. Ауылда жеті дүкен бар, ешбірінде тіпті темекі де сатылмайды", – дейді ауыл тұрғыны Амангелді Сахиев.
Тәртіп сақшысының айтуынша, содан бері ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмепті.
"Төле би ауылында шамамен бір жарым мың адам тұрады. Ішімдіктен бас тартқаннан ауылда қылмыс тіркелмеді. Одан бөлек, бастамаға Қырбалтабай, Алматы ауылдарының тұрғындары қосылды", – дейді Еңбекшіқазақ ауданы полиция бөлімінің бастығы Біржан Бекзат.