Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алматы облысында тауда тұрған микроавтобус өздігінен жүріп кетіп, төмен қарай құлдилады, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
"Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында микроавтобус еңістен сырғып кетіп, шамамен 150 метр тереңдіктегі шатқалға құлдилады", - деп жазылған хабарламада.
Жақын маңда гидробекет салу жұмыстарын жүргізіп жатқан ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен. Олар Алматы облысы ТЖД күштерімен бірлесіп, көлік құралын шығарып алған.Зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылар таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салды.