Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
«AMANAT» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жобасы аясында Бәйдібек би ауылында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тазалық жұмыстарына аудан әкімі, партия мүшелері, мәслихат депутаттары және ауыл тұрғындары қатысты. Акция барысында елді мекен аумағы толық қамтылып, қоқыс жиналды. Сонымен қатар ағаш түптері қопсытылып, жасыл желек суарылды. Қатысушылар демалыс орындарындағы орындықтарды тазалап, сынған бұтақтарды жинады.
Нәтижесінде 250-ге жуық адам 12 гектар аумақты қоқыстан тазартып, шамамен 35 тонна қалдықты арнайы полигонға жөнелтті. Іс-шараға 10 арнайы техника жұмылдырылды.
«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыровтың айтуынша, экологиялық мәселелерді шешу – партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған маңызды басымдықтардың бірі.
«Жыл басынан бері партиялық жоба аясында 5 мыңнан астам тұрғын экоакцияға қатысып, 250 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналды. Сонымен қатар 3 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. Бұдан бөлек, сайлауалды бағдарлама аясында өңірдегі рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін толық жою жоспарланып отыр. Сондай-ақ барлық ауданда қоқысты сұрыптауға және құрамында сынабы бар қалдықтарды жинауға арналған кемінде 1 000 контейнер орнатылады», деді Серік Нұрқадыров.
Астаналық студенттер «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында өңірде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жүйелі түрде өткізіліп келеді. Мыңдаған тұрғын табиғатты таза ұстауға белсенді үлес қосып жүр.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда еріктілердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 19:39
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Испаниядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысады
Спорт • Бүгін, 18:33
Әлеуметтік желідегі жасырын қауіп: Деструктивті топтардың құрығына түспеудің жолы қандай?
Қоғам • Бүгін, 18:05
Нысана көздеуден Әлем кубогі: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Спорт • Бүгін, 17:47
Алматыда самокат мінгендерге бақылау күшейді
Заң • Бүгін, 17:37
Астанада мұғалім оқушыны ұрып жіберген: Білім басқармасы жауап берді
Мектеп • Бүгін, 17:26
Ақылы жолдарда жүргізушілердің ұйықтап кетуінің алдын алу үшін лазерлер қойылады
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:03
Жасқа емес, еңбек өтіліне қарау керек: Зейнетке шығу тәртібін өзгерту ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 16:55
SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Семсерлесуден жаһандық турнирде Қазақстан спортшысы жүлдегер атанды
Спорт • Бүгін, 16:24
2 және 5%-дық ипотека: Жеңілдетілген несие кімдерге беріледі және оны қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 16:02
Президент Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады
Президент • Бүгін, 15:55
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: 9 бала құтқарылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:45
АҚШ Венесуэланың уақытша президентіне салынған санкцияларды алып тастады
Әлем • Бүгін, 15:43
Магниттік дауыл кезінде адам ағзасында қандай өзгеріс болады?
Оқиға • Бүгін, 15:31