Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Алматы облысында 11 жасар оқушыға үш иттің шабуыл жасауына қатысты шулы іс бойынша сот басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Оқиға 2025 жылғы 30 маусымда Жалпақсай ауылында болған. Тергеу мәліметінше, питбуль мен екі ротвейлер (бұған дейін екі овчарка деп хабарланған болатын) балалар ойнап жатқан футбол алаңына жүгіріп шығып, 11 жасар Максимге тап берген.
Бала ауыр жарақат алған: иттер оның құлағын тістеп жұлып, аяғының сіңірлерін үзген, сондай-ақ басы, беті мен денесінің сау-тамтығын қалдырмаған. Балалардың айқайын естіп, көмекке жолаушы келген. Иттерді тоқтату үшін ер адамға оларды өлтіруге тура келді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
TengriNews | Қазақстан жаңалықтары (@tengrinewskz) жарияланымы
Шабуылдан кейін бала жансақтау бөліміне түсіп, бірнеше ота жасалды. Алда әлі жаңа хирургиялық ем-шаралар, соның ішінде пластикалық оталар күтіп тұр. Анасының айтуынша, оқиғадан кейін бала денесіндегі тыртықтардан ұялып, далаға шығудан қалған.
Сотталушылар орындығында алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдарды оңалту орталығының директоры, 66 жастағы Алмас Хамеев отыр. Оған абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген айып тағылып отыр.
Айыптау нұсқасы бойынша, ер адам иттердің қауіпті екенін біле тұра, оларды тиісті деңгейде ұстауды қамтамасыз етпеген. Сотталушы кінәсін мойындамай отыр. Ол бала иттерді мазақ етіп, шабуыл жасауға өзі түрткі болды дегенді айтады. Ер адам оқиға стадионда емес, оңалту орталығының жеке аумағында болғанын, баланы досы итеріп жібергенін алға тартып отыр.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Бұған дейін жәбірленушінің анасы қылмыстық іс сотқа жетпей қала ма деп қауіптенген болатын. Алайда тергеу Бас прокуратураның бақылауына алынды.
Максимнің отбасы 14,5 миллион теңге өндіріп алуды талап етіп отыр: оның 4,5 миллионы емделу мен оңалтуға, тағы 10 миллионы моральдық зиянды өтеуге бағытталған. Егер кінәсі дәлелденсе, ит иесіне ірі көлемде айыппұл салынады немесе ол бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу