Алматы облысында туристік аймақта аспалы көпір салынады

04.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қонаевтың іргесіндегі Көшпенділер қалашығы мен Тамғалы тастың арасына жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір салынады.  

Ұзындығы 300 метр болатын өткел құрылысы  келесі жылы басталып, 2027 жылы пайдалануға беріледі. Қазір жобалық-сметалық құжаты жасалып жатыр. Іленің жағалауында туристік кластерді дамыту жобасы аясында салынатын көпір құрылысы жеке инвестиция есебінен жүргізіледі. Туристік аймақта глэмпинг пен қоғамдық тамақтану орындары да болады. Былтырмен салыстырғанда  биыл Алматы облысына келген турист саны 30%-ға артқан. Жыл сайын «Көшпенділер» кешенінің өзіне 50 мыңға жуық турист келеді.

Қуанышбек Мирамбекұлы, облыстық Туризм басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда туристердің қауіпсіздігін және жақсы демалуына қызмет ету үшін жол салып жатырмыз. Одан бөлек электр сымдарын тарттық. 2026 жылдың бірінші тоқсанында бітеміз деген жоспар бар. Қазір инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Тамғалы тас мұражайы мен Көшпенділер ауылын қосу үшін және туристік әлеуетін күшейту көпір саламыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью