Алматы облысында жасөспірім қыз зорланды: 8 күдіктінің екеуі ұсталды

10.04.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Райымбек ауданында 16 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскендер анықталып жатыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Жасөспірімнің айтуынша, ол 20 жастағы жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Ер адам кездесуге шақырған, бірақ қыз келіспеген. Алайда ер адам бопсалағандықтан, ол кездесуге шығуға мәжбүр болған. Күдікті оны көлігімен адам аяғы баспайтын жерге апарып, оған күш қолданған.

Жәбір көрген қыз кейіннен ер адам жеке мәліметтерін таныстарына беріп, олар да қорқытып, жыныстық әрекеттерге мәжбүрлегенін айтады. Қызбен жыныстық қатынасқа түскен күдіктілердің саны сегіз адамға жеткен. Жәбір көрген жасөспірім ата-анасынан айырылған, қазіргі таңда туыстарының қолында өсіп жатыр.

19 наурызда полиция қызметкерлері он алты жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, олардың екеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған күдіктілерге қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - дейді полицияда.

Полицейлер бүгінгі таңда арнайы жедел- тергеу тобы құрылып, қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілгнін хабарлады. Барлық тараптың уәждері мұқият тексеріліп жатыр.

"Жәбірленушіге қандай да бір қысым немесе қауіп-қатер көрсетілмеген. Тергеу Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - дейді полицияда.

.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью