Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, рейд барысында арнайы техниканы қолдану арқылы пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру деректері анықталды. Тексеру нәтижесі бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалып, арнайы айып тұрағына 10-нан астам техника, соның ішінде пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге тікелей қатысы бар 2 экскаватор қойылды.
Видеодан алынған кадр— Жер қойнауын заңсыз пайдалану әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі және тұрақты негізде жалғасатын болады, — деп хабарлады прокуратурадан.
Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да пайдалы қазбаларды заңсыз өндірумен айналысқан шетелдік елден шығарылды.