Алматы облысында жоғалып кеткен зейнеткер екі аптадан бері табылмай жатыр

24.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Фото: ІІМ

Бақылау камералары жазбаларына сәйкес, қарт кісі автобусқа отырып, Алтын Орда базары бағытына барған. Кейін ол Қаскелең тасжолы жағына қарай бет алған.

Талдықорғанда жоғалып кеткен ерекше баланың мәйіті табылды

Қызының айтуынша, әкесі өзінің аты-жөнін есіне түсіре алмайды. Отбасы мүшелерін де, тұрғылықты мекенжайын да білмейді. Зейнеткер деменция дертіне шалдыққан. Оның есте сақтау қабілеті нашарлаған, сөйлеу қабілетінде де бұзылыстар бар.

«Біз анықтай алған соңғы нүкте – Қаскелең тасжолының 19-шақырымы. Қазір ол жерде еріктілер белсенді түрде жұмыс істеп жатыр», дейді зейнеткердің қызы Анна Колдурмиди.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы аумағында жоғалып кеткен малшының 5 күннен кейін аман-есен табылғаны туралы жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью