Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Алматы облысында жүргізуші тротуардағы жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға видеоға түсіп қалған.
Желіде тараған ақпарат бойынша, жүргізуші алдымен артқа қарай қозғалған автокөлікке соғылған, кейін тротуарға шығып, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.
Облыстық полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Жүргізуші ұсталып, қамауға алынған.
"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді полицейлер.