Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алматы облысы Іле ауданының Байсерке ауылындағы №401 референдум учаскесінде дауыс беру ерекше мерекелік форматта ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұйымдастырушылар Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Республикалық референдумды «Шұбат Party» шарасымен бастаған. Олар ауыл тұрғындарына өз таңдауын жасап қана қоймай, ұлттық сусыннан дәм татып, мерекелік көңіл-күй сыйламақ болған.
№401 референдум учаскесіне ағылған ауыл тұрғындары дауыс беріп қана қоймай, шұбаттан дәм татып, ізгі тілектерін білдірді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастама қазақ халқының қонақжайлық дәстүрін паш етеді.
– Ауылдың жергілікті шаруалары әзірлеген шұбат бәріне ұнады. Әсіресе, таңғы уақытта адамдарға сергектік сыйлады, – дейді ұйымдастырушылар өкілі.
Айта кетейік, сайлау учаскесінде комиссия мүшелері азаматтарды тіркеп, дауыс берудің заңдық тәртібін қатаң сақтады.